Париж метросындағы қылмыстық оқиғаға байланысты күдікті қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM – Үш әйел жеңіл жарақат алды. Валь-д'Уаз полициясы елден кетуге бұйрық берілген күдіктіні, Мали азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazinform euronews.com сайтына сілтеме жасап.
Полиция күдіктіні кешкі сағат 19.00 шамасында Париждің шетіндегі Валь-д’Уаз қаласында ұстады.
Париж метросында 16:15 пен 16:45 аралығында үш пышақпен шабуыл жасаған ер адам қашып кетті.
Аталған оқиағадан үш әйел жеңіл жарақат алды.
Париж прокуратурасының хабарлауынша, полиция күдіктіні ұстау үшін оның телефонының геолокациясын анықтаған.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз хабарламасында шабуылға қатысы бар күдіктінің «Мали азаматтығы» және «заңсыз тұрғылықты жері» екені айтылған. Ол 2024 жылдың қаңтарында «ауыр тонау және жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін» қамауға алынған болатын.
Күдікті қамаудан өткен жылдың шілде айында босатылып, оған Франциядан кетуге бұйрық берілген.
Ішкі істер министрі Лоран Нуньес «күдіктіні сәтті депортациялау мүмкін болмағанына өкінеді». Жарамды жеке басын куәландыратын құжаттары мен консулдық рұқсат қағазының болмауына байланысты ер адам үйқамаққа шығарылды.
Еске сала кетейік, Париж метросында үш әйел жарақат алғанын жазған едік.