Париж прокуратурасы Х әлеуметтік желісіне қарсы қылмыстық іс қозғады
АСТАНА. KAZINFORM — Париж прокуратурасы X әлеуметтік желісіне (бұрынғы Twitter) алгоритмдерді манипуляциялағаны үшін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Politico.

Париж прокуратурасының басшысы Лаура Бекконың айтуынша, тергеу 9 шілдеде басталып, оны киберқылмыспен күрес департаменті басқарып отыр. Ол заңды тұлға ретінде X-ке де, платформаны басқаруға қатысатын жеке тұлғаларға да бағытталған.
Бұған француз депутаты мен мемлекеттік қызметкердің шағымдары себеп болған. Материалдарда Илон Масктың аты аталмаса да, тергеу платформаны миллиардер 2022 жылы сатып алғаннан кейінгі қызметіне қатысты екенін айта кеткен жөн.
Қаңтар айының басында француз құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдары тергеу жүргізді. Онда X платформасы Франциядағы демократиялық пікірталастарды бұрмалап көрсететін үлкен көлемде жеккөрушілік, нәсілшілдік және гомофобиялық контент таратқаны үшін айыпталған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Илон Маск Дональд Трамп саясатының кесірінен байлығының төрттен бірін жоғалтқаны жайлы жазған едік.