08:15, 01 Маусым 2015 | GMT +5
Парижде Әлемдік газ конгресі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусым күні Франция астанасы Парижде 26-шы Әлемдік газ конгресі (ӘГК) өз жұмысын бастамақ. Версаль қақпасы көрме кешеніне әлемдік газдың жалпы алғанда 95 пайызын өндіріп отырған 70-тен астам жетекші энергетикалық компаниялардың өкілдері жиналады.

Әлемдік газ конгресі - газ саласындағы басты оқиғалардың бірі. Үш жылда бір рет өтетін бұл шараға тек топ-менеджерлер ғана емес, энергетика саласының ең беделді зерттеушілері, Ұлттық зерттеу институттарының өкілдері қатысады.
Бұл жолы пікірсайыстар «Ғаламшарға қамқорлық жасау арқылы тұрақты даму» ұранымен өтеді. Форумның иесі Франция елінің Total және Engie компаниялары мұны кездейсоқ таңдаған жоқ: желтоқсан айында Париж климат бойынша саммит өткізбек, қазіргі кезде оған Елисей сарайы дайындық жұмыстарымен белсенді жүргізіп отыр.