Парламент бюджет жобасымен жұмыс істеуде «Жол картасын» жүзеге асыру жөніндегі шараларды одан әрі қаржыландыруды қарастыруы тиіс - Елбасы

sp;Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бюджет жобасымен жұмыс істеу кезінде Парламент «Жол картасын» жүзеге асыру жөніндегі шараларды одан әрі қаржыландыруды қарастыруы қажет. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Таяуда мен бірқатар өңірлерге сапар жасадым. Онда «Жол картасының» жүзеге асырылу барысымен таныстым. Депутаттардың да жергілікті жерлерге барып, осы бағдарламаның қалай жүзеге асырылып жатқандығымен танысқандарын, халықпен кездескендерін білемін. Мен осы бағдарламаға бастамашы болған кезде оның әрбір ауылға, әрбір отбасыға жетуі міндетін қойдым. Оның орындалып жатқандығына көзім жетті», деді Н. Назарбаев.

Елбасы «Жол картасы» аясында бүгінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңалау, жолдарды, мектептерді, бала бақшаларды, ауруханаларды жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатқандығын атап көрсетті. «Қазақстанда мұндай жұмыс экономикада жақсы өсім болған жылдары да жүргізілген жоқ. Осы бастама үшін халық біздерге шын ризашылықтарын білдіруде. Біз бұл бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыратын боламыз», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар