09:20, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Парламент депутаттары Павлодар облысының аудандарында халықпен кездесуде
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - ҚР Парламентінің депутаттар тобы Павлодар облысы Шарбақты ауданының тұрғындармен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Халық қалаулылары дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарламаға түсініктемелер беріп, өкіметтің бағаны және инфляцияны ырықтандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, «Ауыз су», «100 мектеп, 100 аурухана» басымдықты әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралары туралы әңгімеледі. Мәжіліс депутаттары кездесуге қатысушылардың көптеген сауалдарына жауап берді. Атап айтқанда, өсіріліп жатқан дақылдарға мемлекеттік субсидиядар бөлу, несиелер беру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалары туралы сөз болды. Депутаттар аудан орталығындағы дүкендерді аралап, теңге девальвациясынан кейін де күнделікті сұраныстағы тауарлар бағасы тұрақты екендігіне көз жеткізді. Депутаттар тағы төрт ауданның халқымен кездеседі, Ақсу, Екібастұз және Павлодарда азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.