Парламент Қазақстан мен Вьетнам арасында салық салудан жалтаруға жол бермейтін келісімді қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Вьетнам Социалистік Республикасының Yкiметi арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.
None
None

«Келісімнің мақсаты - инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту. Құжат уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың табыстарына қосарланған салық салуды болдырмауды көздейді. Сондай-ақ келісім екі мемлекеттің құзыретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтық жалтарудың алдын алуды шешеді», - деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуына қарағанда, келісімді іске асыру бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді. Екі мемлекет арасындағы салық салу мәселелерінің заңнамалық базасы ретінде келісімнің маңызы зор болып табылады. Сонымен қатар, құжатты қабылдау мемлекеттер резиденттері болып табылатын азаматтарға салықтық жүктемелерді айтарлықтай жеңілдетіп, жағымды бизнес-климат қалыптастырады. Бұл өз кезегінде шетелдік инвестицияның ағымына, ұйымдасқан бизнеске жағдай туғызуы да мүмкін.

Айта кетерлігі, Қазақcтан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 2014 жылы 270 млн. долларды құраған.

Соңғы жаңалықтар