Парламент Кеден одағы аясында жанама салықтар алуға қатысты заңды қабылдады

А. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты,

Парламент Кеден одағы аясында жанама салықтар алуға қатысты заңды қабылдады

жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принцптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңын қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылғы қаңтардың 25-індегі Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу жөніндегі принциптері туралы келісім ҚР 2009 жылғы сәуірдің 3-дегі заңымен ратификацияланған болатын. Ал 2009 жылғы желтоқсанның 11-інде Санкт-Петербор қаласында қол қойылған осы Хаттама бойынша жоғарыда аталған келісімнің 3, 10 -баптарына өзгерістер енгізілді.

Келісімнің 3-бабына Хаттамамен көзделген өзгерістерге сәйкес кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағына кеден одағына мүше екінші мемлекеттің аумағынан тауарларды импорттау кезінде жанама салықтарды импорттаушы мемлекеттің салық органдары алады. Алайда, бұл ретте импорттаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес акциздік таңбалармен таңбалануға тиіс тауарларды әкелу кезінде жанама салықтар алудың ерекшеліктері ескеріледі. Бұдан басқа, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына тауарды әкелу кезінде осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салуға жатпайтын тауарларды оның аумағына импорттау кезінде оларға жанама салықтар салынбайды.

Ал Ерекше (арнайы, еркін) экономикалық аймақтарға импорттау кезінде жанама салықтарды қолдану ерекшелігі ЕЭА-ның жұмыс істеуін, сол аумаққа әкелінетін тауарларға салық салу тәртібін айқындау халықаралық шартпен белгіленеді.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.