Парламент Кеден одағының аясында терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартты қабылдады

АСТАНА.  4 қазан. ҚазАқпарат -  Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы  іс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы» заң қабылданды.
None
None

Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Аталған шартқа 2011 жылдың 11 желтоқсанында Мәскеуде қол қойылған. Құжаттың мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жүйесі жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру болып табылады. Шартқа сәйкес тараптардың кеден органдары Кеден одағының заңнамасына және ұлттық заңнамаға сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген деректерді пайдалана отырып, ақша қаражатының және ақша құралдарының өткізілуін бақылайтын болады. Бұдан бөлек тараптардың кеден органдары өздеріне құқық қорғау органдары мен уәкілетті органдардан келіп түскен ақпарат негізінде қолма-қол ақша қаражаттарын өткізуді тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктерді алады, сондай-ақ осы туралы тиісті ақпаратпен қажетті органдарды хабардар етеді.

Соңғы жаңалықтар