11:16, 10 Қараша 2011 | GMT +5
Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын бір мезгілде өткізген жөн - Н.Сәбилянов
ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қолданыстағы Заңнамаға сәйкес, сайлау қорытындысына қарамастан келесі Парламент кемінде екі саяси партиядан жасақталады, - деді бүгін Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилянов журналистермен болған баспасөз мәслихатында.
Депутаттың айтуынша, көппартиялы парламентті жасақтауға мүмкіндік беретін осы демократиялық тетікті кешіктірмей іске асырған жөн.
«Бұл қадам Қазақстанның көппартиялылық және саяси пікір алуандығы идеяларына адалдығын білдіреді», - деді депутат.
Сондай-ақ, оның айтуынша, келесі жылы Парламент Мәжілісінің де, мәслихаттарының да сайлау өткізу мерзімі басталады.
«Оны үйлестіріп, бір мезгілде өткізген жөн. Бұл әлемдік дағдарыс жағдайында сайлау үдерісін ұзаққа созбауға жағдай туғызады. Оған қоса, бұл шара сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалатын бюджет шығынын әлдеқайда азайтуға мүмкіндік береді», - деді Нұртай Сәбилянов.