Парламент Мәжілісі сайлау туралы құжат жобасына қатысты комиссияға депуттарды сайлады

АСТАНА. KAZINFORM — Парламент «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжат жобасын талқылайды.

Заң
Фото: Мәжіліс

Атап айтқанда, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы бойынша ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжіліс депутаттарын сайлады.

— Парламент регламентіне сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына келесі депутаттарды ұсынамыз. Олардың қатарында Марат Башимов, Мұрат Ергешбаев, Снежанна Имашева, Үнзила Шапақ бар, — деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы С. Имашева.

Палата депутаттары дауыс беру барысында осы ұсынысқа қолдау білдірді.

Еске салсақ, былтыр қыркүйекте Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын қарауға қабылдағанын жазған едік.

Заң жобасы сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум