Парламент өткен сессияда дағдарыстың салдарын еңсеруге бағытталған маңызды құжаттарды жедел қабылдай білді - Н. Назарбаев

күйектің  1-і.  ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен мәжілісі өтуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында Парламенттің кезекті сессиясының ашылуын жариялаған Н. Назарбаев «Біз 30 тамызда мемлекеттік мерекеміз Конституция күнін айрықша атап өттік.  Еліміздің Парламенті тәуелсіздігіміздің бұлжымас бағдары мен Қазақстан қоғамының басты құндылығына айналған Ата Заңымыздың  аясында көптеген заң жобаларын қабылдады. Сол арқылы жоғары заң шығарушы орган ретінде мемлекеттілігімізді нығайту ісінде іргелі қадамдар жасалуда.  Еліміздің Парламенті әлемдік қаржы дағдарысының салдарын еңсеруге елеулі үлес қосты. Парламент дағдарыс салдарының алдын алуға қатысты заң жобаларын жедел қарап, қабылдады. Тұтастай алғанда төртінші шақырылған Парламенттің екінші сессиясында 140-тан астам заң жобасы қаралып, 90-нан астамы қабылданды. Бұл заңдардың көпшілігі ел азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік деңгейін көтеруге бағытталды», деді Елбасы.

Президенттің сөзінше, Парламент қабылдаған заңдардың ішінде салық және бюджет кодекстері, халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесіне қатысты маңызды құжаттар да бар.

Соңғы жаңалықтар