Парламент реформасы — уақыт талабына жауап: еуропалық сарапшылар пікірі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламентті бір палаталы органға айналдыру бастамасы еуропалық саясаттанушылар арасында қызығушылық туғызды. Көп жағдайда пікірлер тоғысады, реформа уақыттың өзекті сын-қатерін бейнелейді, ал оның нақты нәтижесі үдерістің ашықтығы мен инклюзивтілігіне байланысты болмақ.

Реформа Парламента Казахстана — ответ на вызовы времени: мнение европейских экспертов
Коллаж: Kazinform

Саяси жүйенің жаһандық сын-қатерге икемділігі

Еуропалық Одақтың сыртқы және қорғаныс саясаты жөніндегі сарапшысы Алина Бельская мұндай өзгерістер жаһандық сын-қатерге жауап беріп, мемлекеттің өзгеріске жедел әрекет ету қабілетін арттыратынын айтып отыр. 

— Саяси жүйені реформалау — көптеген елде байқалып отырған өзекті сұранысқа жауап. Өйткені Парламент өкілді орган ретінде қарқынды өзгеріп жатқан әлемге жедел әрі тиімді жауап беру қабілетіне ие болуы тиіс, — деді Алина Бельская Kazinform агенттігіне берген сұхбатында.

Оның пікірінше, Парламенттің негізгі функциясы — азаматтардың еркін білдіру, ал реформаны талқылауға берілген уақыт кең инклюзияға және қоғам сенімін нығайтуға мүмкіндік жасайды.

— Парламенттің азаматтардың еркі мен мүдделерін білдіруі маңызды. Бұл реформаны талқылауға ұзақ уақыт бөлінгені — инклюзивті саяси жүйе қалыптастыруға және қоғамның билік институттарына сенімін арттыруға жағдай жасайды, — дейді ол.

Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдері бойынша мол тәжірибесі бар Алина Бельская Қазақстан үшін билік пен қоғамдық-саяси күштің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету аса маңызды екенін де тілге тиек етті.

— Қазақстан алдында ауқымды әрі күрделі міндет тұр. Осындай жағдайда әртүрлі қоғамдық және саяси күшпен кең ауқымды өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, ел болашағына арналған ортақ көзқарасты жүзеге асыруға сеп болатын реформаларды қолдау өте маңызды, — деді ол.

Өңірлік контекст: Орталық Азиядағы институционалдық өзгерістер сабағы 

Kazinform агенттігіне берген сұхбатында Орталық Азияның қазіргі саясаты мен тарихын зерттеуші, Стаффордшир университетінің өкілі Алан Томас реформаның саяси салдары туралы ой бөлісті. Алдыңғы сарапшы секілді ол да бір палаталы жүйеге көшу кезінде шешім қабылдау үдерісінің жеделдігі арта түсетініне назар аударды.

— Президент Тоқаев сөзінде Қазақстанның заң шығарушы құрылымдары 1990-жылдардағы қарқынды өзгеріс кезеңінде қалыптасқанын атап өтті. Сол уақыттан бері Орталық Азия республикалары өз жүйесін нақты жағдайға бейімдеді. Мұнда айырмашылықтар да, ұқсастықтар да бар. Мысалы, Қырғызстан да екі палаталы жүйеден бас тартты, ал Өзбекстан, керісінше, соған көшті, — деді ол.

Оның айтуынша, Сенат өкілеттігін қайта бөлу атқарушы билікті күшейтіп, билеуші партияның позициясын нығайтады.

Ұлыбританияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі әрі Caspian Policy Center талдау орталығының консультативтік кеңесінің мүшесі Джеймс Шарп та ойын ортаға салды.

Оның айтуынша, реформаларды тиімді жүзеге асыру үшін саяси мәдениетті нығайту, көппартиялы ынтымақтастықты қолдау, азаматтық қоғамды, тәуелсіз БАҚ-ты дамыту және бәсекелі сайлауды қамтамасыз етуді қамтитын ілеспе шаралар қажет.

Бұған дейін Әзербайжан сарапшылары Президент Жолдауына қатысты болашаққа бағытталған іс-қимыл бағдарламасы деген пікірмен бөліскен еді