Парламент Сенаты депутаттығына СҚО-дан үш кандидат тіркелді
ПЕТРОПАВЛ. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Облыстық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттығына Солтүстік Қазақстан облысынан үш кандидатты тіркеді.
Комиссияның ресми ақпараты бойынша, тіркелген үш кандидат 30 шілдеден бастап үгіт-насихат жұмыстарына кірісті.
Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттар:
Самат Сапарбекұлы Ескендіров, 1966 жылы 24 шілдеде Көкшетау облысының Көкшетау ауданындағы Симферопольское селосында туған. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. «Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған. Үйленген, үш баласы бар. Сенаторлыққа Аққайың, Есіл, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандардың мәслихаттары ұсынып отыр.
Есжан Қабиұлы Оразалин, 1970 жылы 7 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында Шал ақын атындағы ауданда туған. «Азық-түлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің директоры. Үйленген, екі баласы бар. Депутаттыққа өзін өзі ұсынған.
Серік Серғалиұлы Ташенов, 1948 жылы 16 қарашада Көкшетау облысы Айыртау ауданы Комаровка селосында (қазір Солтүстік Қазақстан облысына қарайды) туған. Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Үйленген, төрт баласы бар. Өзін өзі ұсынып отыр.
Үгіт-насихат науқаны 17 тамызға дейін жалғасады.