Парламентке ұсынылатын заң жобалары сапасына қатысты проблема өзекті болып отыр - Н. Нығматулин

Өз сөзінде спикер Парламент пен Үкімет арасындағы сындарлы ынтымақтастықты бағалай келе, атқарушы биліктің жұмысындағы жекелеген кемшіліктердің орын алып отырғанына да назар аударды. Оның айтуынша, бүгінгі күні Парламентке ұсынылатын заң жобалар сапасына қатысты проблема өзекті мәселеге айналып отыр. «Үкімет бүгінгі күні ауқымды ұйымдастырушылық, қаржылық және басқа да ресурстарға ие. Осылай болғандықтан да, біздің ойымызша заң жобасының сапасына тиянақтылықпен қарау керек. Ал әзірше заң жобаларын қарау барысында Мәжілісте де, Сенатта да жобаның мәтіндерін заң техникаларына сәйкес келтіруге ғана емес, оның мазмұндық тұрғысына да бағытталған айтарлықтай түзетулер мен өзгерістер енгізуге тура келеді», - дейді Мәжіліс төрағасы.
Сонымен қатар, Н. Нығматулин жыл сайын Парламенттің сессиясы аяқталар тұста Үкіметтің маңызды заң жобаларын ұсыну жағдайы қайталанатынын айтып өтті. «Әрине, біз бұндай қадаммен келіскен жоқпыз, келешекте де сондайға келісім бермейміз. Мұндай құбылыстың заң шығармашылығы жұмысына жағымсыз әсер ететінін мойындауымыз керек. Сондықтан да, біз алдағы уақытта әлгіндей келеңсіздікті болдырмас үшін бірлесе шаралар қабылдауымыз керек», - дейді Н. Нығматулин.