Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Парламенттік фракциялардың жетекшілері сайланды

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - 15 қаңтарда болған сайлаудың қорытындысы бойынша Парламентке «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы,

Парламенттік фракциялардың жетекшілері сайланды

Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы өткені белгілі. Жуырда Мәжілісте ресми тіркеуден өткен аталған үш саяси партияның фракциясы алғашқы ұйымдастыру жиналыстарын өткізді.

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы фракциясының отырысында фракция жетекшісі болып Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин бірауыздан сайланды. Нұротандық депутаттар фракция жетекшісінің бірінші орынбасары лауазымына Ерген Дошаевты, орынбасарлары қызметіне  Серікжан Қанаев пен Светлана Ферхоны сайлады.

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі болып Азат Перуашев сайланды. Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының депутаттары осы саяси ұйым фракциясының жетекшілігіне Владислав Косаревты сайлады.