Парламенттің осы үшінші сессиясы басталған кезден бері Мәжіліске Үкіметтен 63 жаңа заң жобасы келіп түсті

АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Парламенттің төртінші шақырылымының үшінші сессиясы басталған қыркүйектің 1-інен бастап желтоқсанның 29-ына дейін Мәжіліске Үкіметтен 63 жаңа заң жобасы келіп түсті,

Парламенттің осы үшінші сессиясы басталған кезден бері Мәжіліске Үкіметтен 63 жаңа заң жобасы келіп түсті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңда Мәжіліс қоржынында 72 заң жобасы жатыр. Мәжіліс мақұлдап, Сенатқа жіберілген  заң жобасының саны - 46. Елбасы 38 заңға қол қойды.

Енді депутаттардың бір қызметі бірқатар лауазым иелеріне депутаттық сауал жолдау болса, сессия басталған қыркүйек айынан бері 209 депутаттық сауал жолданған. Оның ішінде 174-іне жауап келді.