Парламенттің 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталар сатылымға шығады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» коллекциялық күміс монеталары сатылымға шығатынын хабарлады.
Монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында шығарылды. Оларды 2026 жылғы 10 шілдеден бастап Ұлттық банктің kazcoins интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.
– Монетаны дайындау барысында алтын жалату технологиясы қолданылған. Оның массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Коллекциялық монетаның жалпы таралымы 1000 дананы құрайды.
Айта кетейік, бұған дейін Ермек Серкебаевқа арналған коллекциялық монета айналысқа шығатыны хабарланды.