Партия тарапынан жүргізіліп жатқан тұрақты рейдтер, сауалнама іс-шаралары ең алдымен бағалардың негізсіз көтерілуіне жол бермейді ? Б. Әбдішев

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында партияның Мониторинг және әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар департаментінің директоры Бауыржан Әбдішевтің, партияның Үкіметтегі өкілі Владимир Дворецкийдің, партияның ресми өкілі Оксана Петерстің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Нұр Отан» ХДП үстіміздегі жылғы ақпанның 5-інен бастап күн сайын негізгі тамақ өнімдерінің бағасына және ақпанның 17-сінен бастап дәрі-дәрмектерге аптасына екі рет мониторинг жүргізуді қолға алды. Ақпанның 13-іне дейін жүргізген бақылауда 18 тұтыну өнімі қамтылса, ақпанның 14-інен бастап тұтыну өнімінің тізбесі 35 атауға дейін көбейді», - деп атап өтті Бауыржан Әбдішев.Сондай-ақ брифингте дәрі-дәрмектер тізбесі 56 атауды құрағандығы айтылды. Республика бойынша партия филиалдары әкімдіктермен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен бірлесе бұқаралық ақпарат құралдарының насихаттауымен дәріханаларда және көтерме-бөлшекті сауда кәсіпорындарында рейд жүргізді. «Бағалар мониторингІ бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс өзінің оң нәтижесін беруде. Партия тарапынан жүргізіліп жатқан тұрақты рейдтер, сауалнама іс-шаралары ең алдымен бағалардың негізсіз көтерілуіне жол бермейді. «Нұр Отан» партиясының ҚР Үкіметімен, даму институттарымен және коғамдық ұйымдармен дөңгелек үстел өткізу, меморандумдарға қол қою түріндегі бірлескен жұмыстары оң нәтижесін беруде», - дейді партияның Мониторинг және әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар департаментінің директоры.
Соңғы жаңалықтар