Партиялық бақылау бекеттерін жетілдіріп, күшейтуіміз керек - Г. Нұрсалиева

АТЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ -Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалардың іске асуын, қаржының игерілуін, нысандарды өз уақытында пайдалануға берілуін қадағалау үшін «Нұр Отан»

Партиялық бақылау бекеттерін жетілдіріп, күшейтуіміз керек - Г. Нұрсалиева

партиясы тарапынан партиялық бақылау бекеттері құрылғаны мәлім. ҚазАқпарат тілшісі осы бақылау бекеттерінің жұмысын білу мақсатында «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Гүлфира Нұрсалиевамен сұхбаттасқан еді.

-Мемлекет қаржысына салынып жатқан білім, денсаулық сақтау мекемелерінің және  «Жол картасы» бойынша салынып жатқан өзге де нысандардың жанынан партиялық бақылау бекеттері құрылғанын білеміз.   Алматыдағы партиялық бақылау бекеттерінің жұмысы қалай жүріп жатыр?

-ҚР Президенті, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының көш басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен съезде алдыға қойған мақсаттардың орындалуы үшін, қалалық, аудандық  бөлімшелерде  әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламаның орындалуын  бақылауға алуда.   Мәселен Алматы қаласында 73 партиялық бақылау бекеттері   құрылған болатын. Қазір «100 мектеп, 100 емхана» және «Жол картасы» бағдарламалары бойынша оның 40-ы   өз жұмысын жалғастыруда. Олар  салынып жатқан және қайта жөндеуден өтіп жатқан  396 нысанда  жұмыс істеуде. Партиялық бұл бақылау бекеттері  әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен  материалдық ресурстардың және бюджеттік қаражаттардың қолданылуын қадағалап, бақылап отыр. Ал қалған бекеттер өздеріне бекітілген нысандардың пайдалануға берілгеніне  байланысты өз жұмыстарын тоқтатты.

Осы партиялық бақылау бекеті туралы толығырақ айта кеткен артық болмас. Әр бекетте  3 адам болады. Олар әр түрлі нысандарда  тексерулер жүргізеді. Жұмыстардың түріне және жағдайына байланысты ондағы қаражаттардың тиімді жұмсалуына баға береді. Жұмыстардың  одан әрі жақсы іске асуына қарай ұсыныстар айтады. Осы партиялық бақылау бекеттерінің  жұмыстары толыққанды ұйымдасқан түрде болуы үшін Алматы қалалық партия бөлімшесінің партиялық бақылау комиссиясы биыл шілде айында семинар-таныстырылымдар өткізген еді. Онда бекеттердің қағидаларын,  партиялық бақылау бекеттерін басқару туралы парақшалар таратқан болатынбыз. Қазіргі уақытта бекеттері өзара жұмыс тәжірбиелерімен бөлісіп, мәселелерді бірлесіп шешуде. Қыркүйек айының басында партиялық бақылау аймақтық комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясының Орталық Аппаратының бақылау бекеттерінің  жұмыстарын білу мақсатында тексеру жүргізілді. Барлық бекеттерде байланыс телефондары мен пост басшыларының электрондық пошта адрестері жазылған билбордтар ілінді.

Аудандық бөлімшелердің партиялық бақылау комиссиялары үнемі өздерінің жиындарын өткізіп тұрады. Жиында өздеріне бекітілген нысандарда атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер, ақпараттар беріп отырады. Мемлекеттік басқару органдарынан, сонымен қатар үкіметтік емес  ұйымдардан да жүйелі түрде қажетті құжаттарды сұрастырып, ақпараттарды алып отырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексерулер өткізеді. Жұмыс орындарында бюджеттік  қаражаттар мақсатсыз жұмсалып, парақорлыққа жол берілген фактілер бойынша да тексерулер өткізіп тұрады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімшесінің  партиялық бақылау комиссиясы бірнеше рет қала әкімшілігінің аудан өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен, партиялық бақылау бекеттеріне барып қайтты. Онда олар нысандардағы жағдайлармен танысып, құрылысқа бөлінген қаражат мәселелеріне көңіл бөлді. Сонымен қатар, жұмыс кестесі бойынша, құрылыс технологиясының сапалы түрде орындалуын және құрылысшы-жұмыскерлердің уақытылы жалақы алуларын қадағалады.

  

- «100 мектеп, 100 емхана» бағдарламасы бойынша қандай нақты жұмыстар атқарылып жатыр? Нысандар құрылысы белгіленген жоспар бойынша жүзеге асып жатыр ма?

- Жоспар бойынша барлық құрылыс нысандары уақытында берілуде. Мысал ретінде айтайын, жақында партиялық бақылау бекетінің жетекшісі Абылайхан Саматдин мердігерлермен тығыз жұмыс істегеннің арқасында өз бақылауындағы нысандарда  туындаған мәселелерді уақытында шеше білді. Соның нәтижесінде Байқадамов көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарын, Жароков көшесі мен Каблукова көшесіндегі жер теліміндегі жұмыстарды   бекітілген мерзімнен 20 күнге ерте орындады. Бұл жұмыстар бекет жетекшісінің тұрғындармен тығыз байланыста болғандығының арқасында іске асты деуге болады деп атап өткім келеді. Мұндай мысалдар аз емес.

Жалпы «100 мектеп, 100 емхана» бағдарламасына келетін болсақ, бұл бағдарлама  бойынша қалада республикалық бюджет есебінен 4 мектеп салу жоспарланған болатын. Оның екеуі «Ұлжан» мен «Қалқаман» ықшам аудандарында 2008 жылы қолданысқа берілді. Биыл қараша айының 25-інде «Әйгерім», ал желтоқсан айында  «Пятилетка» ықшам аудандарындағы мектептердің құрылысы  аяқталмақ.

Бұл бағдарла аясында сондай-ақ төрт денсаулық сақтау нысандары салынуда. Атап айтқанда, Басенов көшесі мен Жароков көшелерінің қиылысында 150 орындық перинаталдық орталық пен емхана, Алтынсарин көшесінде 200 орынды көпсалалы қалалық балалар емханасы, №4 қалалық емхана аумағында 300 орынды көпсалалы қалалық емхана салынуда. Бұл нысандардың құрылысы да жоспар бойынша атқарылып жатыр.

Білім беру басқармасы «Жол картасы» бағдарламасының орындалу жоспарына байланысты мектептерді қайта жөндеу, жылу жүйесін қалпына келтіру, мамандарды дайындау және кәсіби біліктіліктерін одан әрі жетілдіру жұмыстарын  іске асыруда.          16-шы қыркүйекке дейін №12, 13, 27 гимназияның, 22-ші арнайы мектептің, №53, 96, 106, 141 орта мектептерде, «Жанұя» мамандандырылған кешеннің, №5 мектептің асханасы, №2 Алматы көлік және комуникация колледжінің жатақхана нысандары бойынша жұмыстар аяқталды. Мұндай бағдарламалар білім және денсаулық сақтау мекемелерінің көбейуіне септігін тигізеді. Дегенмен, жұмыстар ойдағыдай жүріп жатса да, шешілмеген жұмыстар әлі де көп. Бірақ, біз бұл мәселелердің шешімін табуға тырысамыз.

  

- Партиялық бақылау бекеттері қызметінде кездескен  қандай да бір олқы тұстар болды ма?

- Иә, жұмыс барысында бірқатар олқылықтар болды. Кейбір партиялық бақылау бекеттерінің жұмыс жоспарлары және онда тұрғындардың арыз-шағымдар түсіретін жәшіктері жоқ болып шықты. Бұған партиялық бақылау бекеттерінің жұмыстары туралы БАҚ-да материалдардың өз деңгейінде жарияланбауы түрткі болуы мүмкін. Олардың қызметі туралы қарапайым халық хабардар болуы  қажет қой. Қоғамдық тексерулер жүйесіз жүргізілетіні және  тәуелсіз қоғамдық тексерулер ұйымдастырылмайтыны  белгілі болды. Сондықтан партиялық бақылау бекеттері  жұмыстарының нақты орындалуын жіті қадағалау керек. Аймақтық партиялық бақылау комиссиясы бекеттердің жұмыстарын тексеріп, қадағалап отырулары қажет. Әсіресе, нысандардың сапасыз атқарылған жұмыстарын бақылауға алу керек.

  - Өз тарапыңыздан бекеттердің тиімді жұмыс істеулері үшін  айтар ұсыныстарыңыз бар ма?

- Партиялық бақылау бекеттерінің жұмыстарын жақсы білгендіктен, әрине бар, бұл жөнінде жақында өткен жиында айтқанмын. «Нысандардың  көп, әрі жұмыс ауқымы үлкен болғандықтан бекеттердің жұмысын жылжымалы партиялық бақылау бекеттері н жасау керек» деген ұсыныс білдірдім. Жылжымалы бекеттердің құрамына аймақтық бөлімше партия төрағаларының бірінші орынбасарларын, қалалық мәслихат депутаттары, тәуелсіз эксперттерді және атқарылатын жұмыстардың кәсіби мамандары кіру керек деп санаймын.

Аудандық партия бөлімшелерінің бірінші орынбасарлары  жылжымалы партиялық бақылау бекеттерін өз бақылауына алу керек деп ойлаймын. Сондықтан да біз  партиялық бақылау бекеттерін жетілдіріп, күшейтуіміз керек. Сонымен қатар  партиялық бақылау бекеттерінің қызметін жетілдіру, құрылыс кезінде ірі кемшіліктердің алдын алу мақсатында семинар-тренингтер өткізіп тұрамыз.