Патшайым Британия либерал-демократтарының жетекшісін вице-премьерлікке бекітті

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Патшайымы Елизавета ІІ британдық либерал-демократтар партиясының жетекшісі Ник Клеггті жаңа коалициялық үкіметтегі премьер-министрдің орынбасары қызметіне бекітті,
None
None

делінген Даунинг-стриттен жеткен хабарламада. ҚазАқпарат бұл туралы «Маяк» радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, либерал-демократтар партиясы өздері құрылған 1988 жылдан бері алғаш рет үкімет құрамына кіріп отыр. Айта кету керек, вице-премьер лауазымы конституциялық нормалармен қарастырылмаған, дегенмен ол кабинеттегі ең жоғары лауазымдардың бірі болып табылады.

Бүгін, сәрсенбі күні Ұлыбританияда жаңа үкіметтің бірінші отырысы өтуі ықтимал. Бұл туралы ВВС телекомпаниясы хабарлауда. Естеріңізге сала кетейік, үкімет басшылығына Гордон Браунның орнына Дэвид Кэмерон келді. Британдық басылымдардың деректері бойынша, жаңа коалициялық үкіметке либерал-демократтардан 5 министр кіреді, партияның тағы 15 шақты өкілі аппарат қызметкерлері атанады.

Соңғы жаңалықтар