13:38, 04 Қазан 2013 | GMT +5
«Павлодар» АЭА-дағы мұнайхимия жобаларға 240 млрд. теңгеден астам инвестиция салынады
АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - "Павлодар" арнайы экономикалық аймағындағы мұнайхимиялық жобаларға 240 млрд теңгеден астам инвестиция салынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын мәлімдеді.

Оның айтуынша, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы барысында аймақтық кластерлерді құруды аяқтау қажет. Олардың құрамына экспортқа арналған өнімдер енгізіледі.
«Павлодар арнайы экономикалық аймағы аясында біз химиялық және мұнайхимиялық кластерлер құрамыз. Бүгінде 240 млрд теңгеге инвестициялық портфелі жоспарланған 45 қатысушы бар. Оларда 3,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады», - деп атап өтті әкім.
Е.Арынның айтуынша, қазірде бюджетке жыл сайын 1,5 млрд теңге түседі, ал арнай экономикалық режим мерзімі аяқталған соң түсімдер 23 млрд теңгеге өседі.