Павлодар әкімдігі полигоннан зардап шеккендердің өтемақысына түсінік берді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Соңғы кездері Семей ядролық сынақ полигоны әсерінен зардап шеккен азаматтардың тарапынан түсетін өтініштер жиілеген. Дегенмен олардың көбінің өтініші кері қайтарылып отыр.
None
None

 Осыған орай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қандай жағдайда өтемақы ұсынылатыны туралы түсінік берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» № 1787- XII Заңы 1992 жылы 18 желтоқсанда қабылданды, өтемақы төлеу 1993 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні Семей полигоны бойынша өтемақы төлеу бөлігіне заңнамада бір де бір толықтырулар мен өзгерістер енгізілген жоқ. Бұл біржолғы өтемақы өмірде бір мәрте беріледі. Қайта тапсырылған болса, төлеуден бас тартылады. 

Соңғы жаңалықтар