Павлодар әкімі кәріз қақпақтарын жабуды қадағалайтын комиссияны басқарды

ПАВЛОДАР. 7 маусым. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов өткізген кеңес ашық қалған кәріз қақпақтарының мәселесіне арналды, деп хабарлады оның баспасөз қызметі.

Павлодар әкімі кәріз қақпақтарын жабуды қадағалайтын комиссияны басқарды

Облыс орталығында шамамен 36 мың люктерді жабатын шойын қақпақтар бар - олардың 4 мыңы қараусыз қалған, деп есеп берді ТКШ өкілдері.

«Люктердің жеке иесі болмайды, бәрі де ТКШ бөліміне тиесілі. Әр люкті жауып, бұл мәселені шешетін боламыз», - деді қала басшысы.

Оразгелді Қайыргелдинов қаладағы құдықтардың жартысы талапқа сай келмейтіндігін шенеуніктерге қадап айтты.

Көшелерді жарықпен жабдықтау кезінде жол жөндейтін жұмысшылар суға жартылай батып тұрған немесе құдықтың бетінде ойнақтап тұрған люктерді ашық қалдырып кете береді, бұл адамдар мен көліктерге қауіптілік тудыруда. Кілттеуге болатын люктерді орналастыру мәселені шешуі мүмкін.

«Мен бүгін өзімнің төрағалығыммен комиссия құрудамын, ашық құдықтардың иелеріне айыппұл салатын боламыз», - деп атап өтті қала әкімі.