Павлодар әкімі мұнай өңдеушілермен кездесті

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар әкімі Бәкір Демеуов «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қаладағы мақсаттық бағдарламалардың жүзеге асырылуы және облыс орталығын абаттандырудың жаңа жоспарлары туралы әкімнің баяндамасы жиналған қауымның ықыласын ерекше аударды. Павлодардың өнеркәсіптік кәсіпорындары өткен жылы 290 миллиард теңгеден астам соманың өнімдерін өндірген, нақты өнім көлемінің индексі 115,6 пайызды құраса, негізгі капиталға салынған инвестициялар ? 79,6 миллиард теңгені құраған. Бюджетке түскен салықтар мен басқа да төлемдер қала көшелері мен аулаларын абаттандыруға, көгалдандыру мен жарықтандыруға молырақ бюджет қаражатын аударуға мүмкіндік берді, ал Павлодар мұнай-химиялық зауыты - қаладағы ірі салық төлеушілердің бірі.3,9 мың адам еңбек ететін мұнай-химиялық зауытында жұмыстан қысқартулар болмайды, дегенмен шығарылатын өнім көлемі қысқартылады. Орташа көлемі 90 мың теңгені құрайтын жалақы уақтылы және толығымен беріліп отыр. Әлеуметтік қолдауларды қарастырған ұжымдық келісімшарт та орындалуда. Әкімге қойылған сауалдардың көбісі салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасын жақсартуға, лифтілер мен инженерлік коммуникацияларды жөндеуге қатысты болды. Мұнай өңдеушілер сондай-ақ, жеке үй салу үшін жер телімін алу мүмкіндігі, жас мамандарға қарастырылған жеңілдіктер туралы сауалдар қойды.
Соңғы жаңалықтар