Павлодар әкімі несие төлеушілер мен банктер арасындағы проблеманы талқылады

ПАВЛОДАР. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Халыққа үйлерін қалдырайық.
None
None
Солтүстік» қоғамдық бірлестігінің басшысы Зәуре Мұқанжарованың өтінішімен банктердің облыстық филиалдары директорларымен кездесіп, ипотекалық несиелерді төлеу проблемаларын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш қоғамдық бірлестіктің басшысының айтуынша, бүгінде бірлестіктің 300 мүшесінің 25 пайызы жұмыссыз. Ал қалғандары несиелерін толық болмаса да, қолында барын төлеуде.Кездесуде банктердің басшылары қайта қаржыландырудың мақсаты ? несиелердің ставкаларын төмендету және төлеу мерзімін 20 жылға дейін ұзарту екендігін атап көрсетті. Бірақ әрбір адамның басына шаққанда ауданы 120 шаршы метрден аспайтын 1 ғана тұрғын үй болуы тиіс. Бұл үшін банктерге мамырдың 1-іне дейін қажетті құжаттарды тапсыру қажет.Облыс әкімі З.Мұқанжароваға қайта қаржыландыруға құқығы бар қарыз алушыларды анықтап, жұмысқа орналастыру үшін жұмыссыз несие төлеушілердің тізімін жасауды ұсынды. Ал банкирлерге жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен өткізу міндеттелді.
Соңғы жаңалықтар