Павлодар әкімі үздік спортшыларға наградалар табыс етті

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар әкімі Бәкір Демеуов облыс орталығының үздік спортшыларымен және олардың жаттықтырушыларымен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жылды қорытындылаған әкім өз сөзінде, павлодарлық спортшылардың еліміздің үздіктерінің қатарына кіретінін, олардың аймақтық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп отырғанын атап көрсетті. Павлодар командасы спорттың жазғы түрлері бойынша өткен облыстық спартакиадада бірінші орынды жеңіп алды. «Қазақстан алюминийі», «Павлодар мұнай-химиялық зауыты», «Резон» кәсіпорындарының ұжымдары қалалық кешенді спартакиаданың наградаларына ие болды. Жоғары оқу орындарының арасында Павлодар мемлекеттік университеті, педагогикалық институт, Инновациялық Еуразиялық университеті спорттық жетістіктерде көш бастап келеді. «Стикс» мектебінде, №43 орта мектеп пен №8 лицейде спортты дамытудағы оңды істер атап көрсетілді. Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша Павлодардың үздік спортшылары мен көркем гимнастикадан қаланың құрама командасына наградалар табыс етілді. Кездесу барысында атап көрсетілгендей, қалада жаңа спорт кешендерінің салынуы, бюджеттік қаржыландырудың жыл санап өсуі мен салауатты өмір салтының белсенді насихатталуы павлодарлық әуесқой-спортшылардың қатарын көбейтуде.
Соңғы жаңалықтар