Павлодар алюминий зауыты 50 жылдығын атап өтті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық ірі кәсіпорын - алюминий зауыты жұмысшыларға арнап, тосын сыйға толы 50 жылдық мерейтойын атап өтті.

Павлодар алюминий зауыты 50 жылдығын атап өтті

Салтанатты жиынға Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев қатысты. Ол өңір тыныс-тіршілігіндегі зауыттың ерекше рөліне тоқталып, оның ірі жұмыс беруші екенін, он мыңдаған металлургтердің әлеуметтік міндеттемелерін орындап жатқанын атап өтті. Мереке қонағы Еуразиялық Топ директорлар кеңесінің (ERG) төрағасы Александр Машкевич жұмыскерлерге алғысын айтты.

«Адамдар - зауыттың басты құндылығы, - деп атап өтті ол өз сөзінде. - Мерейтой - не жасалғанын, не жасалып жатқанын және келешекте не жасайтынымызды бағамдайтын тамаша мүмкіндік. Бұл сонымен бірге зауыттың қалай құрылғанын, еңбек жолын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқандарды еске алу үшін үлкен себеп. Бүгінде біздің зауыттар - «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның келешегі зор.

Басынан бастап бұл кәсіпорындар дұрыс форматта еңбек етіп келеді. Сондықтан біздегі құм-топырақ пен алюминийге өзіндік құн, сонымен бірге үкіметтің қолдауының арқасында барлық әлемдік өндірушілермен бәсекелесуге мүмкіндік беруде».

Атаулы күн қарсаңында «Қазақстан алюминийі АҚ-ның 50 қызметкері салалық наградалармен, құрмет грамоталарымен, мерейтойлық төс белгілермен мараптатталды. Сондай-ақ озық он маманға зауыт басшылығы көлік табыстады.