Павлодар алюминий және электролиз зауытының металлургтері Елбасы Н.Назарбаевтың кандидатурасын ғана таңдайды

ПАВЛОДАР. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы «Қазақстан алюминийі» және «Қазақстан электролиз зауыты» кәсіпорындарының мыңдаған қызметкерлері кеше,

Павлодар алюминий және электролиз зауытының металлургтері Елбасы Н.Назарбаевтың кандидатурасын ғана таңдайды

14 ақпан күні Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидаттық парақшаларына өз аты-жөндерін жазды.

«Нұр Отан» ХДП ХІІІ съезі делегаттарының қатысуымен өткен цехтардағы жиындарда сөз алғандар металлугтер тек Ұлт көшбасшысының ғана кандидатурасын қолдайтындықтарын атап өтті.

Елбасына деген жан-жақты сенімді атай келе, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ вице-президенті, нұротандықтардың съезіне қатысқан Жұмабек Камзин: «Біз өз болашағымыз бен балаларымыздың болашағын осы ұлы тұлғамен байланыстырамыз», - деп атап өтті.