Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар-Астана пойызында жолаушы қайтыс болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарға бара жатқан электр пойызында 79 жастағы қария көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодар-Астана пойызында жолаушы қайтыс болды

«Астанадан электр пойызымен оралдым. Көрші вагонда бір атай өмірден озды. Вокзалда дәрігерлер күтіп тұрды. Атайдың Павлодарға 20 минуттай қалғанда жаны үзілді», - деп жазды жолаушылардың бірі Әлия Әлмұхамбетова әлеумттік желідегі парақшасында.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы Астана-Павлодар электр пойызының 1939 жылы туған жолаушысы қайтыс болғанын растады. «Ер адам ишемиялық жүрек ауруынан зардап шеккен. Оның қолқасының тамырлары шунтталған», - дейді басқарма баспасөз қызметінің өкілдері.

Фото: cso-central.asia