«Павлодар-Астана» трассасында жолаушылар автобусы аударылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Павлодар-Астана" автожолында жолаушылар автобусы аударылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі xабарлады.
None
None

"Кеше бізге ақпарат түсті, 21:47 сағатта Аққу ауылына жетпей, Лебяжі ауданында рейстік автобус жолдан шығып, аударылған. Абырой болғанда қаза болғандар жоқ. Үш ересек адам Павлодардың №1 қалалық ауруxанасына жатқызылды. Автобуста барлығы 43 жолаушы болған", - деп атап өтті департаменттен.

Соңғы жаңалықтар