Павлодар ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларды Жаңа жылмен құттықтады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Павлодар ауданындағы Красноармейка ауылында барлық ауылдардан келген мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шыршасы өтті.
None
None

Әсем безендірілген шырша айналасында олар Аяз Атамен және Қарша ханыммен бірге ән шырқап, өлеңдер оқыды, түрлі ойындарға қатысты. Олардың барлығына да сыйлықтар үлестірілді.

«Ауданның ауылдық округтерінде 200 мүмкіндігі шектеулі бала тұрады, - деді психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Шолпан Сардарбекова, - олардың бірде-бірі ескерусіз қалмады. Шырша мерекесіне қатыса алмаған балалардың үйінде болып, оларды Жаңа жылмен құттықтадық және әрқайсысына Аяз Атаның сыйлығын тапсырдық».

Соңғы жаңалықтар