Павлодар ауданының ауылдарында музыка мектебі, бүлдіршіндерге арналған даярлық сыныптары және емхана ашылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы Красноармейка ауылында балалардың даярлық тобы ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұрынғы жатақхана ғимараты жөндеуден өткізіліп, мұнда мектепке дейінгі даярлық сыныптары ашылды. Бүлдіршіндерге оқу жиһаздары, кітаптар мен ойыншықтар сатып әперілді. Павлодар ауданының әкімі Төлеген Бәстенов ауылдың жас тұрғындарына игі тілектерін айтты, мемлекет балдырғандарға мектепке дейінгі білім беруге және олардың шығармашылық дамуына зор маңыз беріп отыр. Ғимаратта ауылдық музыка мектебіне арнайы бөлмелер бөлінді, аудан әкімі оған фортепьяно мен гитара сатып әперді.Ал Мичурино аулының тұрғындары үшін жаңа емхана ашылды. Кабинеттерге қажетті жабдықтар қойылды, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл мақсаттарға бір миллион теңге қаржы жұмсады.
Соңғы жаңалықтар