Павлодар бюджетінің 57,7 пайызы әлеуметтік салаға жұмсалады

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда биылғы жылы әлеуметтік бағдарламаларды орындауға бюджеттің 57,7 пайызы жұмсалады, бұл 24,7 миллиард теңгені құрап отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Павлодарское селосы мен Лесозавод ықшамауданында әрқайсысы 420 орындық екі мектеп іске қосылады. Ескі ғимараттарды пайдалануға беру есебінен балабақшалар желісі кеңейеді, мектепке дейінгі тәрбие беретін 15 мекеменің технологиялық жабдықтары жаңартылмақ. Облыс орталығында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын орындау жалғасын табады, ипотекалық тұрғын үйлер мен жалға берілетін үйлер, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша күніне 500 адам қабылдайтын емхана салынады. Кардиологиялық орталық пен туберкулез диспансерінің құрылыстары басталады. Бюджетте сондай-ақ 900 мүгедекті арнаулы автокөлікпен тегін тасымалдауға, мүмкіндіктері шектеулі балалар мен ересектерге, онкологиялық сырқаттарға әлеуметтік қызмет көрсетуге қаражат қарастырылған. Тегін кәсіптік оқуға 380 жұмыссыз азамат жолдама алады, колледждер мен институттардың 100 түлегі үшін кәсіпорындар мен мекемелерде машықтану тәжірибелері ұйымдастырылады. 1300 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға тартылмақ.
Соңғы жаңалықтар