Павлодар денсаулық сақтау басқармасы басшысының жарақаттануына байланысты тексеру жүруде

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов осы жылы 25 желтоқсанда қаруды абайсыз пайдалану салдарынан жазатайым жарақат алды, ол ҚР ҚК 114-бабы бойынша бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркелді, деп хабарлады ІІД-ге сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Сот алды тергеу барысында анықталғандай, аңшылықтан соң зардап шегуші қаруды жинау кезінде абайсызда оқ атылып кеткен. Оның азаматтық қаруды ұстауға, сақтауға, пайдалануға рұқсаты, аң аулауға жолдамасы болған.

«Тексеру жалғасуда, соның барысында болған оқиғаның мән-жайы анықталады», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын денсаулық басқармасының бастығы  санавиациямен Астанаға ауруханаға жеткізілгені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар