Павлодар-Екібастұз жолында «Жолдағы қабылдау» шарасы өтуде
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық жол полицейлері «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесіп 16 наурызда Павлодар-Екібастұз жолында «Жолдағы қабылдау» шарасын өткізді.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Кеншілер мен энергетиктер қаласында полиция қызметкерлерімен өткен кездесуге 200-ге жуық қала тұрғыны жиналды. ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары подполковник Сағадат Смағұлов өзі басшылық ететін бөлімнің жұмысы туралы әңгімелеп берді, аймақ жолдарындағы жағдаймен таныстырды және екібастұздықтардың сауалдарына жауап берді.
Акцияға қатысушылар сондай-ақ жол полициясының жұмысы туралы қоғамдық пікірге мониторинг жүргізді - сауалнамада көрсетілген жауаптарға сүйенсек, қала тұрғындары Екібастұз инспекторларының жұмысына оң баға беріп отыр.