Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінде жоғары білікті менеджерлерге дипломдар табыс етілді

ВЛОДАР. 20 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Инновациялық Еуразиялық университетінде Павлодардың жеті танымал кәсіпорны мен фирмасының топ-менеджерлері мен жетекші басқарушыларына

Павлодар     Инновациялық  Еуразиялық   университетінде     жоғары білікті  менеджерлерге  дипломдар табыс етілді

іскерлік әкімшілендіру магистрлерінің (МВА) дипломдары табыс етілді, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.

Инновациялық Еуразиялық университет - «Корпоративтік менеджмент» және «Бағалау» мамандықтары бойынша Master of business administration бағдарламасымен жұмыс істейтін өңірдегі жалғыз оқу орны. Жаңа оқу жылынан бастап «МВА: салық менеджменті» мамандығын ашу жоспарланып отыр.

Іскерлік әкімшілендіру магистрлерінің дипломдары бар мамандар экономика саласында және жақсы басқарушыларға мұқтаж бизнес-құрылымдарда үлкен сұранысқа ие.