08:48, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінің студенттеріне әлеуметтік қолдау көрсетіледі
ПАВЛОДАР. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың Инновациялық Еуразиялық университетінде өздерінде талдап жасалған дағдарысқа қарсы бағдарлама жүзеге асырылуда.

Бұл бағдарламада осы оқу орнында ақылы негізде білім алып жатқан студенттерді әлеуметтік қолдау мәселесі де қарастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Инновациялық Еуразиялық университеттің оқу ақысы қымбат емес, бұл халықаралық қорлар мен демеушілердің қаржыларын тартудың арқасында мүмкін болып отыр. Университетте сондай-ақ, оқу ақысының икемді шарттары мен ынталандыру жүйелері қарастырылған. Оқу үздіктері мен белсенділері 10 пайыздан бастап 50 пайызға дейін жеңілдіктер ала алады. 50-ден астам студент университеттің өз гранттары бойынша білім алуда.Сондай-ақ, университетте студенттерді сабақтан бос кездері өз құрылымдарында уақытша жұмыспен қамту бастамасы да бар. Бүгінде университетте 200-ден астам студент жұмыс істеуде.
Инновациялық Еуразиялық университетте ағымдағы жылы студенттерді әлеуметтік қолдауға 25 миллион теңге бөлінді.