Павлодар қаласында мұз айдындары құйылып, шаңғы базалары ашылып жатыр

«Барлығы 28 хоккей корты ашылады. Олардың ең үлкені орталық алаңдағы облыстық әкімдік алдында орналасқан. Жалға беру пунктінде жүз коньки дайындалып тұр, бағасы - 200 теңге. Ашылуы ертең, бірінші желтоқсан күні өтеді. Бұл күні «Жұлдыз» стадионында мұз алаңы да жұмыс істей бастайды», - деп атап өтті қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің бастығы Рахметолла Қасқырбаев.
«Қаланың шағын аудандарында конькиді жалға беру пункттері алты корттың қасында жұмыс істейтін болады, олардың үшеуі - жабық».
Қала қыс маусымына тыңғылықты дайындалған - мұзды құю және ысып жылтырату үшін арнайы техника сатып алынды.
Усоль шағын ауданында бұрынғы қоқыс тасталған жерде шаңғы базасы салынды. Бұл жерде жылынатын бөлме және шаңғыны жалға беру пункті орналастырылған. Павлодарлықтар кешкі уақытта да жарықпен қамтылған шаңғы жолымен жүгіріп өте алады.