10:05, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Павлодар қазақ театры Түркияда өтетін фестивальге қатысады
ПАВЛОДАР. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ж.Аймауытов атындағы Павлодар қазақ музыкалық-драма театрының әртістері Түркияға барады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Шығармашылық ұжым осы елдің Мәдениет министрлігінен түріктілдес театрлардың ІІ Халықаралық фестиваліне қатысу туралы шақыруын алды. Павлодарлық әртістер Кония қаласындағы мемлекеттік театрдың сахнасында сәуірдің 16-сында өнер көрсетеді.Фестивальде орындалатын «Айман-Шолпан» спектаклі ? өнер өкілдеріне Мысырда өткен фестивальде жеңіс әкелген болатын.