Павлодар-Қызылорда жолында жүргізуші бензин толы цистернаға құлап жан тапсырды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Оқиға түнгі уақытта болған. Полиция жазатайым оқиға бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

жедел жәрдем
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Павлодар-Қызылорда автожолында жүк көлігінің жүргізушісі бензин толы автоцистернаға құлап, сұйық отынға тұншығып қаза тапты.

— Жазатайым оқиға түнгі уақытта Береке және Төртқұдық ауылдарының арасында, 55-ші километрде болған. MAN маркалы ершікті тартқыштың автоцистернасына түсіп кеткен жүргізуші көз жұмды. Болжам бойынша цистернадағы бензиннен ыдысқа құйып алмақшы болып ішіне еңкейген болуы ықтимал. Сол уақытта бензин толы цистерна ішіне құлап кеткен, - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған оқиға кезінде цистерналы көлікте өзге де адамдар болған. Марқұм бензин буына тұншығып қалғандықтан оның өмірін құтқару мүмкін болмаған.

Ер адам Павлодар қаласының тұрғыны. Полиция қазір жазатайым оқиға дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан үш ер адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар