Павлодар құтқарушылары жаңа жылда аэроқайыққа ие болды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Бұл әмбебап көлік суда да, мұзда да, қарда да, батпақта да, құрлықтың тегіс жерлерінде де жүре алады. Жер бедері күрделі жерлерде құтқарушылардың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі жаңа заманауи көлік құралымен - үрленген жастығы бар қайықпен толықты.
Аэроқайық қуатты желдеткіштердің арқасында жер бетімен жеңіл сырғиды. Қайық табанындағы икемді конструкция күрделі жағдайларда, таяз суда немесе мұзда тұрақты икемділікті қамтамасыз етеді.
- Аэроқайықтың нәтижесінде құтқарушылар зардап шеккендерге, әсіресе су тасқыны аймақтарына, жұқа мұзда, өзге де көлік жүре алмайтын жерлерге тез жетіп, қысқа мерзімде көмек көрсете алады. Техника құтқарушылар жұмысының тиімділігін едәуір арттырады және халық үшін де, құтқарушылардың өздері үшін де үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.
Бұған дейін Павлодарда ауыл тұрғыны аязда қалып қойған қос аққуды құтқарғаны туралы жазғанбыз.