Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар медициналық колледжі 60 жылдығын атап өтті

ПАВЛОДАР. Желтоқсанның  25-і.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Павлодарда  осыдан 60 жыл  бұрын ашылған  медбикелер    мектебі  бүгінде   сегіз      мамандық  бойынша  түлектер  дайындайтын   үлкен  медициналық колледжге  айналған.

Павлодар   медициналық колледжі  60 жылдығын  атап өтті

Мұнда    ауруханалар  мен   емханалардың,  селолық дәрігерлік    амбулаториялар мен акушерлік    қосындардың   болашақ   900  қызметкері  білім алуда. 

Оқу  орнының бейсенбі күні   аталып өткен туған  күнінде   оның әр жылдардағы түлектері   бас қосты.   Колледж қызметкерлері мен оның түлектерін     мерейтойларымен   Павлодар облысы әкімінің  орынбасары Рысты Жұмабекова  құттықтады.

Медициналық  колледжді  ұзақ жылдар бойы   басқарып  келе жатқан    тәжірибелі басшы Әлия Сабырханова:  «сұранысқа ие  мамандарды   дайындауға  медициналық мекемелермен арадағы   қарым-қатынастар  мен    жақсы материалдық-техникалық   база көмектесіп отырғанын»  атап  көрсетті.