Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар мемлекеттік университеті мен Ресейдегі Экология және эволюция проблемалары институтының ғалымдары экспедицияға аттанды

ПАВЛОДАР. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті мен Ресей Ғылым Академиясының А.Северцов атындағы Экология және эволюция институтының ғалымдары

Павлодар мемлекеттік университеті мен Ресейдегі Экология және эволюция проблемалары институтының ғалымдары экспедицияға аттанды

ұсақ сүтқоректі жануарлар фаунасының алуантүрлілігі және олардың эволюциялық даму жолдарын заманауи цитогенетикалық әдістемелермен зерттеу мақсатында экспедицияға аттанды, деп хабарлады ПМУ-нің баспасөз қызметінен.

Ғалымдардың бағдары Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының аумағы, Зайсан қазаншұңқыры және Балқаш көлінің солтүстік жағалауы арқылы өтеді.

Осыған ұқсас алғашқы зерттеулер 2008 жылы өткізілген болатын, жиналған материалдарының негізінде ПМУ ғалымдары ҚР БҒМ Ғылым комитетіне ұсыныстарын дайындады.

Экспедиция 2012 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.