08:05, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
Павлодар мемлекеттік университетінде Нобель сыйлығының лауреаты Ф. Кидланд атындағы дәрісхана ашылды
ПАВЛОДАР. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Финн Кидланд (АҚШ) С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистранттарына, докторанттары мен оқытушыларына дәріс оқыды.

Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады.
Ф. Кидланд - валюталық және фискалдық саясат, еңбек экономикасы мәселелерін зерттейтін көрнекті ғалым. Ол Нобель сыйлығын экономикалық ауытқулардың заманауи теориясына бастама салған Эдвард Прескотпен бірлескен еңбегі үшін алды.
ПМУ Нобель лауреатына «ПМУ құрметті профессоры» атағын берді. Сонымен қатар жоғары оқу орнында Финн Киндланд атындағы оқу аудиториясы ашылды.