Павлодар мемлекеттік университетінің командасы «Студенттік менеджмент - бастама» Бүкілресейлік олимпиадасының жеңімпазы атанды
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономикалық факультетінің командасы «Студенттік менеджмент - бастама» Бүкілресейлік ІІ олимпиадасының абсолюттік жеңімпазы атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстанның болашақ экономистері мен менеджерлері Екатеринбургте өткен олимпиадаға ресейлік тараптың шақыруымен қатысып қайтты. Қарсылас командалардың дайындық деңгейлері өте жоғары болды, дейді павлодарлық студенттер. Құрамында 2-3-ші курстардың студенттері болған Павлодар мемлекеттік университетінің командасы барлық тапсырмаларды лайықты дәрежеде орындап, тамаша нәтижелерге қол жеткізді, нәтижесінде отандастарымыз үздік деп танылды.