09:06, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері өнерлерін паш етті
ПАВЛОДАР. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Облыс орталығындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте «Павлодар - достықтың, білімнің және мәдениеттің орталығы» атауымен шығармашылық фестиваль өтті.

Оған бойларында дарыны бар студенттер қатысты. Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады.
Биылғы көктем мерекесінде «Сухой закон» КТК құрамасы, «Т.Г. Шевченко атындағы Павлодар украин мәдениетінің серіктестігі» бірлестігінің көркемөнер ұжымдарына қатысушы студенттер, әншілер, музыканттар, аймақтың жеті дүркін жеңімпаздары, спорттық бал биінен спорт шеберлері Филипп және Ульяна Валовтар өз шеберліктерін паш етті.
Фестивальға ПМУ тәрбие жұмыстары департаменті мен «Nomad» қоғамдық жастар бірлестігі мұрындық болды.