Павлодар мұнай-химия зауыты қыркүйек айында жөндеуге жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 тамыз күні облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген мәжілісте Павлодар мұнай-химия зауыты үстіміздегі жылдың қыркүйек айында жөндеу жұмыстарына жабылатынына орай аудан басшыларына тамыз айына бөлінген арзандатылған дизель отынын тез арада тасымалдау керектігі ескертілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Бұл туралы аймақ басшысы Қанат Бозымбаев облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген мәжілісте айтты.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ернұр Әйткеновтің айтуынша, күзгі-дала жұмыстарына облысымызға 21 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. - Тамыз айының үлесі - 9 мың тонна. Қазіргі таңда арзандатылған жанар-жағармайдың 92 %-ына шарттар жасалды, 57%-ы төленді. Ал 38%-ы тиеп жөнелтілді. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты бөлінген жанар-жағармай көлемін 31-іне дейін төлеп, 15-қыркүйекке дейін шығару қажет, - дейді Е. Әйткенов. Жанар-жағармайды тасымалдау бойынша облыста Железин, Ертіс аудандары көш соңында. Қос аудан әкімдері дизель отыны үшін қаржына белгіленген мерзімге дейін толық төленіп, жеткізуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар