Павлодар мұсылмандары Құрбан айтты Мәшһүр Жүсіп атындағы бас мешітте атап өтті

sp;ПАВЛОДАР. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мұсылмандары Құрбан айтты Мәшһүр Жүсіп атындағы бас мешітте атап өтті.
None
None

Діндарлармен бірге айт намазына Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен қала әкімі Бақытжан Жоламанов қатысты. Айт намазын мешіттің наиб имамы Жұмабай қожа оқыды. Жиналғандар алдында сөз алған Б.Сағынтаев: «Құрбан айт мұсылмандардың ерекше мейрамы, мен облыстың барлық тұрғындарын құттықтаймын. Діни айырмашылықтарымызға және экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, ел алға басып келеді, біз келісім мен достықта өмір сүріп отырмыз», - деді.

Мешітте қайырымдылық ас берілді.  

Соңғы жаңалықтар