Павлодар облысы әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Даниел Ғалиханұлы Татаев Павлодар облысы әділет департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін аталған министрліктің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті құжаттарды бақылау басқармасы басшысы қызметін атқарып келген.
ҚР Әділет министрлігі аппарат басшысының бұйрығына сәйкес, Даниел Ғалиханұлы Татаев Павлодар облысы әділет департаменті басшысы лауазымына тағайындалды.
Даниел Ғалиханұлы 1976 жылы Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген.
А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетінің түлегі.
Еңбек жолын 1994 жылы Арқалық ет комбинатының тон-тері цехының жұмысшысы болып бастаған. 2001 жылдан бастап Әділет министрлігінде жетекші маман, халықты тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары, құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары және тағы басқа жауапты қызметтерді атқарған.
Соңғы лауазымдық қызметі - Әділет министрлігі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті құжаттарды бақылау басқармасы басшысы.
Еске сала кетейік, Мұрат Тілеубердиев Қарағанды облысының прокуроры болып тағайындалды.