Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы тағайындалды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысы әкімінің өкімімен Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып Қалиева Зауреш тағайындалды.
Зауреш Жақсылыққызы 1977 жылы туған. Жоғары білімді, білім беру саласы мен мемлекеттік қызметте көп жылдық еңбек тәжірибесі бар.
Еңбек жолын 1996 жылы Павлодар қаласындағы № 12 орта мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейінгі жылдары әлеуметтік педагог, Павлодардағы № 2 мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, № 20 лицей-мектебі директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Мемлекеттік қызметке 2011 жылы келді. Әр жылдары мектепке дейінгі мекемелер секторының бас маманы, қорғаншылық және қамқоршылық секторының меңгерушісі, Павлодар қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыру жұмысы секторының меңгерушісі лауазымдарында жұмыс істеді. 2019-2024 жылдары Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды. Одан кейін Павлодар ауданының білім беру бөлімін басқарды.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымы филиалының төрағасы болды.